Депрессия
Касейнова Б. Н., Абсиметова Е. В., Алюбаева Г. О.
Депрессия
Адамдар бойында соңғы уақытта көп кездесетін депрессия синдромы- бүгінгі күні сондай жер бетіндегі «заманауи сырқат түрі» саналатын дерттің бірі.
Депрессия – қазақша айтқанда: жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы. Депрессия кезіндегі үрей билеу күйі суицидалды қауіпті айтарлықтай арттырады. Міне сондықтан, суицидалды және парасуицидалды жүріс-тұрыстың алдын алу, онымен күресу мәселелері маңызды болып табылады. Алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – бұл өзінің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ерекше қауіп-қатер тобын құрайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтау. Бала девиантты жүріс-тұрысқа баратын отбасындағы проблемалы жағдайларды анықтаудың да маңызы зор [1].